Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде студенттердің оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа ала отырып жалпы білім беру пәндері оқытушыларына арналған «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде студенттердің оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін қолдану» тақырыбына семинар өткізілді.
Мұғалімдердің шығармашылық зерттеу жұмыстарын тарату мақсатында «Тәжiрибе. Тәрбие.Жаңашылдық. Шығармашылық» тақырыбында Сарқан политехникалық колледжінің педагогтары арасында педагогикалық оқу өтті. Мақсаты: Мұғалімдердің шығармашылық зерттеу жұмыстарын тарату, тәжірибе алмасу. 2. Педагогикалық оқудың міндеттері: - қазіргі білім беру жағдайында педагогтарға ғылыми-теориялық, әдістемелік көмектер көрсету; - білім беру қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында озық педагогикалық тәжірибелерді жинақтау және тарату; - колледждегі педагогика ғылыми зерттеулерінің басым бағыттарын анықтау. 4.Педагогикалық оқудың жұмыс бағыттары: - білім беруге заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологияларды ендіру; - білім берудің жаңа форматы; - Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың Ұлттық жоспарын жүзеге асыру; - білім берудің жаңа парадигмасы және мұғалімнің рөлі; - білім берудегі құзырлылық; - ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану; - ғылым мен білімнің кіріктіріле дамуының болашағы; - білім берудің сапасын көтеру және гуманитарландыру; - үздіксіз білім беру жүйесінде білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу; - Білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін ендірудің ғылыми-әдістемелік негіздері; - «Үш тұғырлы тіл» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жолдары.
"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 533 бұйрығы. Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары.Жалпы ережелері туралы Сарқан политехникалық колледжі директорының оқу-ісі жұмысы жөніндегі орынбасары Р.К.Акыбаева мен колледж әдіскері А.Ахметжанова педагогтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Басты мақсат:Аттестаттау комиссиясының аттестатталушылар құжаттарын олардың біліктілік талаптарына сай екендігін зерделеу
Аттестаттау жөніндегі ақпараттық көмек, нұсқаулықтар беру.
Аттестаттау комиссиясы мен сараптау топтары мүшелерінің міндеттерін бөлу.
Біліктілік тестілеуге қатысатын аттестатталушыларға тестілеу кезіндегі талаптар мен ережелерді таныстыру
2022 Аттестаттаудан өтетін оқытушылардың апталығы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 561 бұйрығымен балабақшаларда, мектептерде, колледждерде және басқа да ұйымдарда жұмыс істейтін педагог қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына өзгерістер енгізді, деп хабарланды.
Осы бұйрық негізінде Сарқан политехникалық колледжінде 2022 жылы аттестациядан өтетін оқытушылардың құжаттарын олардың біліктілік талаптарына сай екендігін зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Аттестаттау келесі кезеңдерді қамтиды:
Педагогтер үшін:
• НКТ;
• Эссе;
• Біліктілік бағасы;
• Қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау.
Білім беру ұйымдары басшысының орынбасарлары мен әдіскерлер үшін:
• Біліктілік бағасы;
• Қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау;
• Аттестаттау комиссиясының отырысында қызмет нәтижелерін таныстырумен әңгімелесу (комиссияның өзін-өзі бағалауы мен бағалауы сәйкес келмеген кезде)